28 мың адам кәсіптік оқыту платформасында курстардан өтті

01.03.2023 15:44

Платформада жалпы 220,9 мың қазақстандық тіркелді

Фото: blog.wycliffeassociates.org

28,9 мың азамат skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өтіп, сертификаттар алды деп хабарлайды Almaty.tv.

Платформада жалпы 220,9 мың қазақстандық тіркелді, оның 28,5 мыңы 2023 жылы тіркелген.

Оқудан өткен 6,2 мың жұмыссыз азаматтың 1,1 мыңы – негізінен Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 211 курс жариялады, оның 155-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Разведение КРС молочного направления», «Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны», «Выращивание клубники от А до Я», «Сүтті ірі қара өсіру», «Управление персоналом» және «Кассир».

Платформада ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат