Алматылықтарға Азаматтарға арналған үкіметтің алғашқы куәлігі табыс етілді

РСК
РСК
АХАЖ функцияларының ауысуымен қызметтерді алу тәртібі өзгермеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АХАЖ органдардың функциялары ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалында АХАЖ желісі бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет алушыларды құттықтады.

Мемлекеттік корпорация филиалының басшылығының қатысуымен Алматы қаласының аудандық АХАЖ бөлімдерінде Астана күніне, сондай-ақ АХАЖ функцияларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтуіне орайластырылған акция өткізілді.

Филиал директорының орынбасары Фарида Бөкижанова неке және баланың туу туралы куәліктерінің алғашқы алушыларын құттықтады. Оларға мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

"Бүгін Алмалы және Медеу ауданының АХАЖ бөлімдерінде жас жұбайлар мен сәбилі болған ата-аналарды құттықтадық. Олар Мемлекеттік корпорацияның елтаңбалы мөрі қойылған Неке куіліктері мен баланың тууы туралы алғашқы куәліктердің иегерлері атанды. Сондай-ақ, жас жұбайларға гүл шоқтары мен жаңа туған нәрестелер үшін жұмсақ ойыншықтар табысталды. Осылайша, бүгін ондаған қала тұрғындарының отбасылық тарихы тағы бір қызықты оқиғамен толықтырылды. Олар бұл туралы балаларына, немерелеріне, шөберелеріне айтатын болады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида Бөкижанова.

АХАЖ функцияларының ауысуымен қызметтерді алу тәртібі өзгермегенін атап өткеніміз жөн. Некеге тұруға өтініштер бұрынғысынша Электрондық үкіметтің e-gov. kz веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі. Қалауыңыз бойынша неке қиюды салтанатты жағдайда өткізуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, АХАЖ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері ғана көрсететін болады. Қолданыстағы мемлекеттік қызметтер стандарттары, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері де әдеттегідей.

АХАЖ-дың барлық әлеуметтік маңызды қызметтері - тууды, өлімді мемлекеттік тіркеу тегін. Ақылы қызметтер қосылған құн салығын ескере отырып есептеледі.

Өткен жылы азаматтық хал актілерін тіркеу органдары (АХАТ) 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Адамның туылғанынан бастап, өмірінің соңына дейінгі айтулы сәттерінің куәсі болатын АХАЖ бөлімдерінің жұмысы, қандай формада болса да әлі де ғасырлар бойы адаммен бірге жасай берері сөзсіз.

Новости партнеров