Полиция тергеу органдары қандай жұмыс көлемін атқарғаны туралы хабарлаған жоқ
Полиция биыл қыркүйек айында төркінінен денесі табылған әнші, "Арнау" дуэтінің бұрынғы мүшесі Жанар Хамитоваға қатысты "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тергеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қарағанды облысы Полиция Жанар Хамитова қатысты қылмыстық істің жабылғанын хабарлады.
Ресми жауапта айтылғандай, іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды.
Полиция тергеу органдары қандай жұмыс көлемін атқарғаны туралы хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, биыл қыркүйек айында Қарқаралыдағы ата-анасының үйінен отандық эстрада жұлдызы Жанар Хамитованың денесі табылған болатын. Бірнеше жылдан кейін сахнаға қайта оралған әншінің артында екі баласы қалды.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсау" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ал Жанардың жақындары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтты.
Осы жылдың сәуір айында Хамитова ажырасқаннан кейін кезіккен мәселелер туралы баяндап, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан еді.