«Аштықта нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)
Полиция департаментінің мәліметінше, кезекте ешкім зардап шеккен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күніне орай келушілерге тегін балмұздақ таратылды. Тәттіге таласқан ересектер бір-бірімен жаға жыртысып, тіпті, таптап кете жаздады, деп жазады «ИнАктау» порталы.
Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды.
«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Аштықта нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», - дейді куәгерлердің бірі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, балмұздақ үшін кезекте ешкім зардап шеккен жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53
20 қыркүйекке арналған валюта бағамы
20.09.2026 09:17