Қазір қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр
Түркістан облысында екі инкассатордың өлімі үшін ұсталған күдікті қылмысқа не себепті барғанын айтты.
Күдікті қазір 38 жаста, бес баланың әкесі. Мойнындағы екі несиесін жабу үшін инкассаторды тонаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Біз бұған дейін ауылға зейнетақы таратуға жолға шыққан екі инкассатордың мерт болғанын хабарлаған едік.
Еңбек демалысында жүрген күдікті әріптесінің қомақты ақшамен келе жатқанын біліп, алдынан шыққан. Өзін жеткізіп тастауын өтінген ол кенет орта жолда оған қару кезенген.
Қазір қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс үш бап бойынша қозғалған.