1 ақпанда 10 мыңға жуық қазақстандық сайт өшірілуі мүмкін

24.01.2019 15:45

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы 1 ақпанда көптеген қазақстандық сайттардың қиындыққа тап болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Алтайньюс.


Орталық мамандары тексеру жүргізе келе, DNS Flag Day желілік сервистердің жұмысын бұзу қаупіне ұшыраған домендерді анықтады. Осыған байланысты 31 қаңтар түні 130 мың қазақстандық сайттың 10 мыңға жуығы күрделі проблемаларға тап болады. Бұл ретте 3 610 сайт қызыл статусқа ие болды (функционал бұзылады), 6 854 сайттың жұмысы кідіріске ұшырайды.


Сондай-ақ аталмыш орталық осал сайттардың тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан Қаржы министрлігінің веб-порталы кірді. ХҚКО ақпараты бойынша, ведомствоның сайты minfin.gov.kz үш DNS-серверді пайдаланады, олардың екеуі жаңартылмаған, сол себепті өшірілуі мүмкін.


Мамандар бұл сайттардың тізімін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҰҚК жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» кәсіпорнына жібереді. Сол жерде толық тізіммен танысуға болады.