Алматыда жауған алғашқы қарды тазалауға 400 техника жұмылдырылды

07.11.2019 15:46

Қала көшелерінде көктайғақтың алдын алу үшін түнде 4147 техника шығарылды

Алматыға алғашқы қар түсті. Қала тұрғындары ақ қармен түскен суреттерін әлеуметтік желіге жарыса жариялап жатыр. Ал, қаланың коммуналдық шаруашылық қызметі көктайғақтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта 400 арнайы техникамен 427 жұмысшыны шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, бүгін таңертен 498 техника мен 1688 адам жұмылдырылған. Оның ішінде 174 құм себетін машина бар. Осы орайда қалалық полиция департаменті жүргізушілерге көліктің қысқы дөңгелегін дереу ауыстырып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Теги: қар жауын