Ақтөбе облысында 8 адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттан кейін «Самара – Шымкент» тасжолында тағы бір жол оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Хромтау бағытындағы Бекқұл баба ауылының маңында жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Тойота автокөлігінің ауыр жүк тасымалдаушының астына кіріп кеткені анық көрінеді. Тағы 3 адам ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
«Тойота Ипсон маркалы автокөлігі Хромтау қаласы мен Ақтөбе қаласының тасжолында соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ үш жолаушы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.