Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болған ресейлік азамат босатылды

Рixabay/Beatrice Schmuki
Рixabay/Beatrice Schmuki
Қарағанды полициясы құлдықта жүрген ресейлік туралы әлеуметтік желіден білген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысындағы шаруа қожалықтарының бірінен 20 жыл бойы құлдықта жүрген Ресей азаматы құтқарылды. Ол өз жағдайын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп, ата-анасынан көмек сұраған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstanға сілтеме жасап.

Ер адамның көмек сұраған бейнеүндеуі Instagram-дағы "Патриот Караганды" парақшасында жарияланды. Ол өзін 20 жылдан бері құлдықта ұстап отырғандығын, тіпті қай ауылда, кімнің қолында екендігіне дейін ашып айтқан.

"Әкешім, анашым, мен 20 жылдан бері құлдықта жүрмін. Мүмкін болса мен құтқарып алыңыздаршы. Қазақстаннан елге оралуға көмектесіңіздерші", – дейді Алексей.

Шет ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде ұзақ жылдар бойы мал баққан Алексейдің бұл бейнеүндеуі бірден әлеуметтік желіге таралып, артынша құтқарылды. 44 жастағы Ресей азаматы туған елінде із-түссіз жоғалғандар қатарында екені анықталды.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Шет ауданының полицейлері 44 жастағы ер адамды тапты. Ол жиырма жыл бойы жергілікті тұрғын тарапынан заңсыз қол астында ұстауына және еңбекке мәжбүрлеуге ұшырағанын айтты. Күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 126-бабы (бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Новости партнеров