Найзағай жарқылы Нұр-Сұлтан тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

27.06.2019 15:46

27 маусымға қараған түні күннің қатты күркірі елорда тұрғындарының тәтті ұйқысын бұзды

Кеше синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар өте әсерлі фотосуреттер мен видеоларды бөлісіп жатыр, олардан кенет найзағай қара аспанды қақ айырғанын көруге болады.

Астаналықтар қорқынышты тарсылдан оянып кеткендерін жазып жатыр. Күннің күркілі көптеген адамдардың зәресін ұшырған.

Синоптиктердің болжамынша, елордада 27 маусымда ауа райы бұлтты болады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Күндіз және түнгі уақытта 17-19 градус жылы болады.

Кеше Солтүстік Қазақстанда дауыл үйлердің шатырын қиратып, ағаштарды құлатты.