9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын
«Қазақфильм» киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Асенов келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын. Бүгінгі таңда аталған қызметке тағайындалған жаңа басшы – Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.