Петропавл халықаралық әуежайы қайтадан сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бір ай бұрын әуежайды 5,6 миллиард теңгеге сатуға тырысты, бірақ оны сатып алғысы келетіндер табылмады.
Sputnik Қазақстан мәліметінше, енді аукционда әуежайдың бастапқы бағасы екі есе төмендеп, шамамен 2,8 миллиард теңге болды. Сауда-саттық туралы хабарландыру электрондық сауда алаңында шықты. Сауда-саттық 12 мамырға жоспарланған, жалғыз қатысушыға да сатылады.
Тендер шартына сәйкес инвестор сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап 10 жыл бойы әуежай қызметін сақтауға тиіс. Нысанды тек мақсаты бойынша пайдалануы, жоюға жол бермей, әуе айлағының жарамдылық сертификатын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сертификаттау талаптарын қамтамасыз етуі шарт.
Сонымен қатар жаңа иесі кіріс есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Шартта 10 жыл ішінде 1,5 миллиард теңге сомасындағы инвестиция салынуы керек екені жазылған. Әр жылдың басына аудиторлық есепті ұсынылады.