Басына пакет кигізіп қойған: Қостанайда қоқыстан табылған сәби жайлы тың ақпарат шықты

25.11.2019 15:47

Ал көкек ана әлі табылған жоқ

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестені дәрігерлер неге аман алып қала алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жедел жәрдем қызметіне сағат 10-48 шамасында қоңырау келіп түсті. Дәрігерлер оқиға орнына 10-55 уақытта, яғни 7 минутта жетті. Қоқыс жәшігінде басына пакет кигізілген шақалақ жатты. Ұл баланы көлікке алғанда «клиникалық өлім» диагнозы қойылды. Ол жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ ол мүмкін болмады», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал көкек ана әлі табылған жоқ. Нәрестенің қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«23 қарашада «Аэропорт» ықшамауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған бала табылды. Полиция қызметкерлері қоқыс жәшігі орналасқан маңдағы үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастыруда. Сол секілді көшедегі видеотаспадағы жазбаларды қарап, шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу жұмысына кинолог мамандар да тартылды», – дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Теги: умер