БҚО-да әскери бөлімнің басшылары пара алып келген

08.10.2019 15:47

Олар жеке компаниядан 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген

БҚО-да пара алған әскери бөлімнің басшылары сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.

Сот алдына №5517 әскери бөлім командирінің орынбасары мен осы бөлімдегі бір бөлімнің басшысы келді. Олар жеке компаниядан 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Осы ақшаның орнына олар атқарылған жұмыстардың актісіне қол қоюға және ары қарай жұмыс істесуге уәде берген.  

"7 қазанда Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алу бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Қыдыровқа алты миллион теңге айыппұл салынды. Сотталғандар өмірбойы мемлекеттік қызметте және әскери салада қызмет етуіне тыйым салынды", - делінген ресми хабарламада.