Шымкенттегі қағаз өңдеуші өнеркәсіп саласы тоқтап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтағы кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді. Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған. Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған.
«Арадағы келісімшарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетін пысықайлар шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр», – дейді кәсіпорын өкілдері.
Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді. Бұдан өзге мемлекеттік тапсырысты орындауға жұмыс істеген мекеме түрлі себеппен «қара тізімге» еніпті. Сондықтан мұндай шектеуді уақытша алып тастауды сұрап отыр.
"Өндірушілер, СБК-лар лимит қойып қойған әр кәсіпорынға бір вагон сатуға. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол даже 1% қамтамасыз етпейді да. Біздің қуатымыз айына 10 вагонға дейін өндіріп, шығаруға болады. 200-250 мың қорап", - деді кәсіпорын басшысының орынбасары Қанат Әлімбаев.