Алматыда тауға шықпау туралы ескерту жасалды

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko
ҮАӨ бақылаушысының мәліметінше, 16 ақпан күні түнгі уақытта жауған қалың қардан өздігінен екі қар көшкіні өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының бұзылуына және қалың қардың түсуіне байланысты тауға шығуға, оның ішінде Үлкен Алматы көлінің аумағына баруға тыйым салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің instagram парақшасында жариялады.

ҮАӨ бақылаушысының мәліметінше, 16 ақпан күні түнгі уақытта жауған қалың қардан өздігінен екі қар көшкіні өтті. Қар көшкіні жинағыштарында: №19 – 150 текше метр және №21В – 150 текше метр.

Құлаған қар массасының жалпы көлемі 300 текше метр. Төмен түскен көшкіндер тау баурайына түсіп тоқтады. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Новости партнеров