LG зауыты Ресейден Қазақстанға көшуі мүмкін
ашық дереккөзден
LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG Ресейдегі зауытын жауып, өндірісті Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр.
Қазір компания қоныс аударатын жер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан нұсқаларын таңдап жатыр.
Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, өндірістің Өзбекстанда ашылуы арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек, бірақ Қазақстанда төлемге қабілетті тұтынушылар көп.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45