Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды

29.04.2019 15:49

Сығандар әйелді ауыл көшелерінің бірінде кездестірген

Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды. Анна Храмцованың туыстары мен полиция оны 10 күннен аса уақыт іздеген.

Іздеу жұмыстарына Lider.kz еріктілері де көмектескен. Анықталғандай, әйел ауылда сығандардың үйінде болған, деп хабарлайды  Устинка Live.

Еріктілердің бірі Аннаның туысына хабарласып, әйелді Красина аулындағы дүкеннен көргенін айтқан. Ол сығандармен бірге жүріпті.

Артынша әйелдің туыстары сол жерге барған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сығандар әйелді ауыл көшелерінің бірінде кездестірген. Күн салқында жеңіл киініп жүрген

әйел өзінің қайда тұратынын айта алмаған. Сондықтан сығандар оны өз үйіне шақырып, артынша әйелдің туыстарын іздестіре бастапты.

Қазіргі уақытта Анна Храмцова туыстарының жанында.