Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: ашық дереккөзден алынды
Рейстер 21 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері қатынайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі aikyn.kz газетіне сілтеме жасап.
Рейстер 21 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Түркістан – Ыстамбұл бағытындағы билет бағасы бір бағытқа шамамен 39 999 теңгеден басталады. Жолаушылар көбейсе, екі араға күн сайын ұшақ қатынайды.
Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 8 наурыздан Өзбекстанға жаңа рейс ашылатынын хабарлаған болатын.
Ақтау мен Үргеніш арасында аптасына 2 рейс қатынайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
19 қыркүйекке арналған валюта бағамы
19.09.2026 08:18