Алматы қаласы Полиция департаменті әріптес әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден алынды
Қалада полиция қатарында 1 мыңнан астам әйел қызмет етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда полиция қатарында қызмет ететін 1 мыңнан астам әйелді төл мерекесі қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі мен Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы құттықтап, үздіктердің шенін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Осы мерекеде және әрдайым ардагер апаларымызға алғыс айтамыз. Олардың ұзақ жылғы қызметі, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі полиция саласындағы жас мамандарға үлгі. Сіздер тек жақсылыққа ғана лайықсыздар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз», – деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар Алматы қаласының ПД басшылығы қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған әріптестердің отбасын, туыс-туғанын Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18