Әуезов ауданында 2 мемлекеттік балабақша салынады

13.10.2022 15:50

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты

kn.ks.ua

Әуезов ауданында 2 мемлекеттік балабақша салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін 280 орындық 2 мемлекеттік балабақша салу жоспарланған. Алтын бесік шағынауданындағы 120 орындық бірінші балабақша бойынша қараша айының соңына дейін жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Құрылыс монтаждау жұмыстарын 2023 жылғы І-тоқсанда бастау жоспарлануда. 10 шағынауданындағы 160 орындық екінші балабақша бойынша биылғы мамыр айында қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Ғимаратты бұзып, құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2023 жылға қаражат көзделетін болады. Биыл 348 орындық 6 жеке меншік балабақша ашылды", - деді Ерболат Досаев.


Теги: балабақша