Бүгін қазақстандықтар айдың тұтылуын бақылай алады

16.07.2019 15:50

Құбылыс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат екіде болады деп күтілуде

Sputnik

Бүгін, 16 шілдеден 17 шілдеге қараған түні қазақстандықтар айдың тұтылуын көре алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін еліміздің аумағында оның ең жоғарғы фазасы көрінеді – ал жердің көлеңкесі бұл жолы айды 66 пайызға жабады.

Құбылыс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат екіде болады деп күтілуде.

Біздің планетамыздың көлеңкесі айдың бір бөлігін ғана жабады.