2019 жылы жемқорлық салдарынан мемлекетке 5 млрд теңге залал келген

24.01.2020 15:51

Олардың 319-ы сыбайлас жемқорлық бойынша тіркелген

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде жемқорлық фактілері бойынша 455 қылмыстық іс тергеуде болған,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың 319-ы сыбайлас жемқорлық бойынша тіркелген. 235 іс аяқталып, 192-і сотқа жолданған. Қазіргі уақытқа дейін 4 млрд теңгедей сома бюджетке қайтарылыпты.