Алматы қаласының Ццифрландыру басқармасы digital-almaty.kz сайтының «Идеялар» мен «Оқиғалар» бөлімінде жаңа қызметтерді іске қосу арқылы ІТ-стартаптармен, энтузиастармен және бизнес – қауымдастығымен бірігіп жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Егер ІТ кәсіпкер немесе компания өз жобаларын әлеуетті сатып алушыларға немесе инвесторларға жария еткісі келсе, оны «Идеялар» бөлімі арқылы жасауға болады, ол үшін жобаның мақсатын, міндетін және бұл шешімнің қалаға қандай пайдасы бар екенін көрсетіп, қажетті форманы толтыру керек. Жобаны қоғамдық талқылауға ұсыну – бұл құжатты сапалы дайындаудың, қаланың бизнес- қауымдастығымен тәжірибе алмасудың жақсы стимулы. Осының арқасында әлеуетті сатып алушылар қаладағы ІТ шешімдердің жаңа перспективалық бағыттарын көре алады.
Егер компания IT-тақырыбына қатысты шара өткізгісі келсе, онда «Оқиғалар» бөлімінде аңонс жариялап, сайтта міндетті түрде өткізілетін шара және бағдарламасы туралы сілтемені көрсетеді. Бұл ІТ-ке қатысты іс-шараны ұйымдастырушылар үшін барынша сенімді сайт болып табылады әрі әлеуметті қолданушылар қалада өтетін ІТ-шаралар туралы дер кезінде біліп, оған қатысу үшін уақыттарын алдын ала жоспарлайтын болады.
Цифрландыру басқармасы атап өткендей, бүгінгі күні виртуалды коммуникация алаңдары ІТ-инкубаторлардың жеке кеңістіктері, конференц-залдар мен оқу аудиториялары сияқты сұранысқа ие. Қаланың ІТ-қоғамдастығының түрлі топтарының өзара бірігіп жұмыс жасауларын ынталандыру басқарманың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, сондықтан жаңа сервистер пайдаланушылар мен ақпарат жариялаушылар үшін тегін іске қосылады.