Маңғыстауға қоқиқаз оралды

13.03.2023 15:51

Қыста олар жылы елдерге ұшып, көктемде қайтады

YouTube

Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев Telegram-арнасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың көлдің бетінде ұшып жүрген әдемі бейнесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, ұзақ уақыт ұмытылмастай әсер қалдыратын көрініс. Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр", - деп жазды видео авторы.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып, көктемде қайтады.

"Наурыз - Маңғыстаудағы ең ғажайып айлардың бірі", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев құс бақылап жүріп.