Не себепті ұшақ шұғыл жерге қонғаны жайлы ақпарат жоқ
Атырауда ұшақ шұғыл жағдайда жерге қонды. Осы себепті Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілетін рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау халықаралық әуежайының анықтама қызметі мәлім еткендей, сенбі күні кешке қарай Нұр-Сұлтан қаласына аттануы тиіс КС 984 рейсі жексенбі күнгі 14:20-ға шегерілген.
Елордаға аттанбақ болған жолаушыларға рейстің шұғыл жағдайда жерге қонуға мәжбүр болғаны себепті кейінге шегерілгені айтылған. Не себепті ұшақ шұғыл жерге қонғаны жайлы ақпарат жоқ.