Балаларға 20789 теңгеден төмен төленбейді
1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп жазды 1tv.kz.
Вице-министр Жақыпованың сөзінше, елімізде әр балаға төленетін 21 мың теңге жәрдемақы тек көпбалалыларға ғана емес, бір баласы бар мұқтаж жанұяларға да беріледі. 1 сәуірден бастап. Сәуір мен желтоқсан аралығында, яғни биылғы тоғыз айға осы жәрдемақыны беру үшін 94 млрд теңге қарастырылып отыр.
«Негізі жоспар бойынша 2019 жылы 832 мың азаматқа қарастырылып отыр төлемдер. Балаларға 20789 теңгеден төмен төленбейді. Атап өту керек, көпбалалы отбасы болсын, бір балалы отбасы болсын, егер мұқтаж болса сол жанұяларға төленеді», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.