Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

03.04.2024 00:57

Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады

Almaty.tv

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.

Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.

Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:

- азық-түлік;

- ауыз су;

- заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.);

- тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары және т.б.);

- гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.);

- дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы қажеттіліктер;

- киім (сырт киім және аяқ киім).

Маңызды! Киім мен заттар таза, ал тұрмыстық заттар толық жұмыс істеп тұрған және ақаусыз болуы керек, гигиеналық заттар жаңа, дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі өтпеген және қолданылуы жөніндегі нұсқаулық болуы керек.

Барлық ниет білдіруші Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады!

Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынов көш., 22к1.

Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Байланыс номері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40.

Теги: алматинцы