Олар Байкал көлінде демалуды қалайды
Ақтөбе тұрғыны подъезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қалыңдығының ақ түсті көйлегі кірлемес үшін оған ыңғайлы жағдай жасады. Күйеу оны балконнан кранмен төменге түсірді, деп жазды stan.kz.
Павел мен Карина Прокофьева үшін 23 тамыз олардың отбасының құрған күні болды. Бұл күні жас жұбайлар үйлену тойын жасады, оны ұзақ уақыт тек туыстары ғана емес, көршілер де ұмытпайды.
"Павелдің өзі Мәртөктен шыққан, бірақ көптен бері қалада тұрады. Қазір оның үйінің кіреберісінде күрделі жөндеу, шаң мен кір жиналуда. Сондықтан ол қалыңдықты осылай алып шығуға бел буды", - дейді күйеу жігіттің туысы Лидия.
Қалыңдықты алып шығуға деген осындай креативті тәсілге қарамастан, Павел Каринаға маусым айының кешінде Абай бульварындағы субұрқағы алдында алты айлық таныстықтан кейін ұсыныс жасаған.
Енді жаңадан үйленгендер бал айына баруды жоспарлап отыр. Олар Байкал көлінде демалуды қалайды.