Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде суға түсу маусымы ресми түрде үш айға – 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. 177 адам суға батып кетті, оның ішінде 53-і – кәмелетке толмағандар. Өткен 2022 жылғы шомылу маусымында су айдындарында 184 адам көз жұмса, (-4%), соның ішінде 62-сі – кәмелетке толмағандар (-15%).

«Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйде шомылу, жүзе алмау. Ал балалардың суға кетуінің басты себебі – ересектердің оларды қараусыз қалдыруы», - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, демалысқа тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.

Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.

Новости партнеров