Құрылыс-монтаждық жұмыстарын «Зи-Дан» ЖШС ұйымдастырады
Алматының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс-монтаждық жұмыстары екі аптаға созылады, деп хабарлайды «Grey Cardinals» баспасөз қызметі.
Қазыбек би көшесінің жылу магистралін қайта құру жұмысы аясында 15 мен 30 сәуір аралығында Байзақов көшесі Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін жабылады.
Соған байланысты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары өз маршрутын алдын-ала реттеуі керек.
Құрылыс-монтаждық жұмыстарын «Зи-Дан» ЖШС ұйымдастырады.
Жарияланған фотосуреттерден жөндеу жүріп жатқан орындарды көре аласыз.