Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Айта кетейік, Halyk Arena көпсалалы кешенінің аумағында 3,2 мыңнан астам адам жиналды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Айта кетейік, Halyk Arena көпсалалы кешенінің аумағында 3,2 мыңнан астам адам жиналды. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламалар іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі, өз кезегінде, Алматы жастары үшін бағдарламаға бастама жасады.
«Біз жаңа "Алматы жастары 3.0" бағдарламасын әзірледік. "Алматы Жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Яғни, 13 млн теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен берілетін болады», — деді Б. Сағынтаев.
Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін төлем қабілеттілігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%. Бұл бағдарламаға әкімдік 10 млрд. теңге, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 млрд. теңге бөлді. Қатысушылардың бастапқы және қайталама тұрғын үй бағдарламасын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Қала әкімі бағдарламаның мақсатты аудиториясы – бюджеттік саланың жас қызметкерлері (35 жасқа дейін) екенін атап өтті. Олар мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар. Жалпы, Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үйлері бар елдегі ең ірі тұрғын үй қоры бар екенін атап өткен жөн. Тұрғын үй кезегі жыл сайын өсіп келеді. Бұл жалпы мегаполистің тартымдылығына байланысты.
Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 25 533 азамат тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға артық. Өткен жылы 3162 мұқтаж тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соның ішінде көпбалалы 520 отбасы және балалар үйінің 114 түлегі бар. Сонымен қатар, 2019 жылы жұмыс істейтін 1050 жасқа жалға берілетін пәтерлердің кілттері табысталды. Жалпы, 2020 жылы 3810 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың ішінде мыңға жуық пәтер "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша, 1300-ден астам пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады.
Қала әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі – адамдарға жайлы тұрмыс ортасын құру. Осыған байланысты Алматыдағы ескі тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда 81 ескі үйді бұзу және 700-ге жуық отбасын жаңа әрі жайлы пәтерлермен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.