Президент мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды

02.02.2024 15:57

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.