Сауытбайдың сөзінше, қазіргі мақсаты - Швеция азаматтығын алу
Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Швецияға жетіп, құжаттарын рәсімдеп жатқанын айтты. Сауытбайдың сөзінше, қазіргі мақсаты - Швеция азаматтығын алу, деп жазады Азаттық.
«Осы күнге дейін біз Қазақстаннан үмітімізді үзбеген болатынбыз. Ендігі мақсатымыз – Швеция елінің азаматтығын алып, Қытайдың қаупінен толық арылып, балаларымды жақсы оқытып, келешекте өз отанына барып, халқы үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Швеция мемлекеті бізді өте жылы қабылдады. Бұл жерде заң кемелденген, жұмыстар жақсы атқарылады екен. Біздің барлық жағдайымызды толығымен жасап берді», - дейді Сайрагүл.