Қылмыстық топтың мекенжайынан 308 мың теңге жалған ақша тәркіленген
Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің арнайы шарасы барысында үш адамнан құралған топ 500 және 5 мың теңгелік банкнот өндірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үшеуі де бұрын сотты болыпты. Тінту барысында жалған ақша дайындауға қажетті құрал-жабдықтар мен қолдан жасалған 308 мың теңге тәркіленіп алынды. Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жібірілген.