Алматылықтар Мемлекеттік рәміздердің тарихын қаншалықты біледі

04.06.2022 15:02

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Almaty.tv

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай  Almaty.tv тілшісі халық арасында Ту, Елтаңба, Гимн туралы саулнама жүргізді. Алматылықтар мен қала қонақтарына Мемлекеттік тудың авторы кім? Мемлекеттік тудың түсі қандай? Рәміздегі бейнелер нені білдіреді? Елтаңбаның авторы кім? Әнұранды білесіз бе? деген сұрақ қойды.

«Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбекеов», «Мемлекеттік тудың түсі – көк», «Рәміздегі бейнелер аспан мен бейбітшілкті білдіреді», «Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов», – деп жауап берді қала тұрғындары.

Сонымен қатар алматылықтар Қазақстан әнұранын жатқа айтып, шырқап берді.

Айта кетейік, бүгін – Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толды. Ту, Елтаңба, Гимн. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Ұлттық нышандар –халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді.