Баладан ата-анасының көзінше жауап алынды
Шымкентте 9-сынып оқушысы сабаққа жарақат салатын тапанша алып келді. Бұл фактіні ювеналды полиция рейд кезінде анықтаған, деп хабарлайды Sputnik.
Әл-Фараби ауданы кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын полиция басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиевтің айтуынша, 25-30 қараша аралығында қалада рейд жүргізілген.
"Шара кезінде 25 қараша күні оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Ол қаруды сыныптасынан алғанын айтты. Тапаншаны сол балаға қайтару үшін мектепке алып келген.