|
20.01.2022 | 11:00
793

Б. Сағынтаев: Біздің бірінші міндетіміз – залал көлемін анықтау және зардап шеккен азаматтарға көмектесу

Бұл туралы Алматы қалалық актив отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты

Б. Сағынтаев: Біздің бірінші міндетіміз – залал көлемін анықтау және зардап шеккен азаматтарға көмектесу Фото: Бауыржан Карипов

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 259 адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаланың одан әрі дамуы жөніндегі Алматы қалалық актив отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қалада тәртіпсіздік басталған кезден бастап стационарларға түрлі дене жарақатымен көптеген адам жеткізілді. Оларға оқ тиіп, 1 259 адам пышақ жарақатын алған. 506 адам стационарларға жатқызылып, 454-і үйлеріне шығарылды. 52 науқас ем қабылдап жатыр. Ал реанимациядағылардың бәрі тұрақты палатаға ауыстырылды», деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ қала басшысы жедел жәрдем қызметінің тәулік бойы аянбай еңбек еткенін атап өтті.

«200-ге жуық бригада күндіз-түні өз өмірін қатерге тігіп, тәулік бойы қызмет етті. Денсаулық сақтау ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеді. Төтенше жағдай кезінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйе өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазір қала өзінің қалыпты тіршілігіне оралып жатыр»,  деді ол.

Шаһар басшысының айтуынша, қалада әлі террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталуда.

«Төтенше жағдай режимі алынды, дегенмен террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталып, терроризмге қарсы операциялар жалғасуда. Біздің бірінші кезектегі міндеттеріміз: келтірілген залалдың көлемін анықтау және зардап шеккен азаматтар мен бизнеске көмек көрсету»,  деді қала басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир