Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы қалыпқа келді

13.10.2021 16:00

Жүргізуші куәліктері бойынша қызмет қайта жанданды

syrboyi.kz

Жүргізуші куәліктері бойынша клиенттерді қабылдау қайта жүргізіле бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы іркілістерге байланысты мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау тоқтатылды. Қазіргі уақытта барлық ақаулар жойылып, автоорталықтарда клиенттерді қабылдау қайта басталды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылғаны болатын.