Осыған байланысты 7-15 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған
Нұр-Сұлтанда сол жағалаудың орталығындағы Ақмешіт көшесі жартылай жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, 7-15 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған», – делінген әкімдік сайтында.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.