Он бес мың тұрғыны бар Сарыөзек ауылы сусыз отыр

Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Тұрғындар ауызсуға 20 миллион теңге қарыз болып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданындағы Сарыөзек ауылының 15 мыңнан астам тұрғыны 20 миллион теңгеден астам қарыздың кесірінен ауызсусыз қалды. Жергілікті билік барлық тұтынушыларды қарызды өтеуге мәжбүрлей алмады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының басты мәселесі – ауызсудың жиі үзілуі. Тұрақты апаттардың салдарынан ауыл тұрғындары жазда да, қыста да апталап сусыз қалады. Күз келгелі ауылда жаңа мәселе туындады.

20 миллион теңге қарыздың кесірінен жергілікті билік бүкіл ауылға ауыз су беруді белгісіз мерзімге тоқтатуға мәжбүр болды. Әкімдік суға ақша төлемегендермен келісімге келуге тырысқанымен, тұрғындар қарыздарын өтеуге асықпады.

 - Сорғы станцияларына энергия беру тоқтатылды. Оған "Күреңбел су ПВХ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Жетісу Энерготрейд" ЖШС алдындағы қарызы себеп болды. Бүгінгі күні берешегі 20 млн теңгеден асады. Сарыөзек кентінде тұрғындармен әңгіме жүргізіліп, нәтижесінде 132 мың теңге өндірілді. Бүгінгі таңда ауылдағы жеке тұлғалардың қарызы 10 миллион теңгеден астам, ал шаруашылық субъектілерінің қарызы 10 миллионнан астам теңгені құрап отыр, - деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік ауыл тұрғындарын қызмет көрсету мекемелеріне қарыздарын тез арада өтеуді сұрайды. Сарыөзек ауылында су қашан қалпына келтірілетінін жергілікті билік әзірге нақтылаған жоқ.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында газы бар ауылдар көмір жағуға мәжбүр

Новости партнеров