Ұлттық ұлан мен полицияның 20 мыңға жуық қызметкері мерекеде тәртіпті қадағалайды

22.03.2023 16:00

Министр әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады

polisia.kz

Ел бойынша 20 мыңға жуық полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлері мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астананың Жедел басқару орталығында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік Полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.

«Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал. Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуы тиіс», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын», – деді М.Ахметжанов.