Елде Қазақстан, Егемен және Тәуелсіздік есімді қанша азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Елімізде Қазақстан есімді 35, Егемен атты 6, Тәуелсіздік есімді 1 азаматымыз бар", – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін осы жылдың қарашасында Қазақстанда Қазақстан есімді 24 азамат тұратыны хабарланған еді. Олардың дені Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында. Сондай-ақ баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да бар. Мәселен, 28 адамға Семей деп ат қойылса, 21 – Алматы, 18 – Түркістан есімді азамат тұрып жатыр.