Тұңғыш Президент күні - халықтың рухани өмірін толықтыратын тағылымды мереке

01.12.2019 в 16:02

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Бұл күн 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданған кезде 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеген еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы тұлға.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болған егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған.