Қала әкімінің айтуынша, оларды сапасыз жұмысын қалпына келтіруге мәжбүрлейміз
Ерболат Досаев қыркүйектің соңына дейін Жетісу ауданындағы Эйхе көшесінің бойындағы жол жабынындағы ақауларды жоюды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғынның сұрағы:
- Бізге көмектесетін тазалықшыларды бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мен 1994 жылдан бері жылжымайтын мүлік иелері қауымдастығының төрағасымын. Менің сұрағым - жер шұңқыр, үйге кіретін жол жоқ. Шілде айында шұңқырды жамап, тегістеп береміз деп уәде бергенсіздер. Емін-еркін жүріп-тұру үшін жолды жөндеп беруіңізді сұраймын.
Мекен-жайы: Эйхе көшесі, 21.
Алматы әкімі Ерболат Досаев:
Өкінішке қарай, Жетісу ауданында өз жұмыстарын сапасыз орындайтын мердігердің белгілі бір тізімі бар. Солардың бірі - "Сұңқар" ЖШС. Оларды сапасыз жұмыстарын қалпына келтіруге мәжбүрлейміз. Мен әкімдікке сіз айтқан мекенжай бойынша тапсырма беремін. Біз қыркүйек айының соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз. Оны мүмкіндігінше ыңғайлы етіп жасаймыз және қыста ешқандай мәселе болмайды.
Бұған дейін, баяндама барысында мегаполис әкімі биыл Жетісу ауданында 18 көшеде 22 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлады. 4 көшеде (Омаров, Қазыбаев, Қожамияров, Қазыбаев көшесі) жол жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қыркүйегінде аяқталады, қалған 14 көше биылғы жылдың қазанында аяқталады. Қазанның соңына дейін биыл жөндеумен тағы 7 мың шаршы метр қамтылады.