Бұрын Ботаника бағына кіру билетің құны ересектерге 953,30 теңге болған
Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билетінің бағасын төмендетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция Институты» РМК-на кіру билеттерінің тарифтерін белгілеуде бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен Ботаникалық баққа келуші азаматтарға арналған тарифі 103 теңгеге төмендетілді.