Сағынтаев құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті

10.07.2019 16:02

Алматы әкімі халыққа мектеп, аурухана, балабақша қолжетімді қашықтықта болуы керек екенін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Құрылыс компаниялары басшыларымен кездестім. Басты мәселе – ескі үйлерді сүру мәселесі талқыланды. Бұл – басымдық берілген бағыттардың бірі. Оңтайлы шешім іздейтін боламыз», – деді Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев белсенді құрылыстың қарқыны әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымның дамуымен қатар жүруі тиіс екенін айтты. Халыққа мектеп, аурухана, балабақша қолжетімді қашықтықта болуы керек.




Толық көрсету