Шымкентте таксист жас қызды ұрып-соғып, зорлап кетті

05.09.2019 16:29

Оқиға 27 тамызда болған

Шымкентте таксист бір бойжеткенді аяусыз ұрып-соғып, зорлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті әлі табылған жоқ. Оқиға 27 тамызда болған. Қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына қатысты түсінік берді.


«Бұл дерек Шымкент қалалық Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен 27 тамызда тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бұл жағдай туралы қазақстандық #НеМолчи қозғалысының негізін қалаушы Дина Смаилова айтты.