Тұрғын үй нарығында бағаның арзандауына не әсер етеді

ашық деректен
ашық деректен
Баспана сатып алатындарға бөліп төлеу мүмкіндігін ұсыну, қарыз алу бойынша тиімді бағдарламалар болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко еліміздегі баспана бағасы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Меніңше, қазіргі уақытта қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі үшін алғышарттар бар. Дәл қазір баспана алатындар түрлі нұсқаларды қарастырып көруі керек. Пәтер сататындармен саудаласуға мән берген дұрыс. Тұрғын үй салатындардан тікелей баспана алу нұсқаларын да іздестіріп, келісімшарт бойынша келіссөздер жүргізу керек», - деді Н. Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген мәлімдемесінде.

 Сарапшының айтуынша, бұл саладағы мәселелерге сыртқы факторлар да өз әсерін тигізеді. 

«Тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне сыртқы әрі ішкі жағдайлар ықпал етеді. Яғни бағаның арзандауы валюта бағамына, қолданыстағы ипотекалық жобаларға, құрылыс секторын қолдау деңгейіне, сондай-ақ нарыққа тиімді шешімдерді енгізу жолымен сатып алушыларды қолдау қадамдарына байланысты болады. Бұл тұрғыда баспана сатып алатындарға бөліп төлеу мүмкіндігін ұсыну, қарыз алу бойынша тиімді бағдарламалар болуы тиіс», - деп толықтырды Нина Лукьяненко.

Новости партнеров