ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Д. Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды Қазақстан Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасына.
Еске сала кетсек, 3 тамызда Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде кішкентай балалар да бар. Ал жексенбіге қараған түні Американың Дейтон (Огайо штаты) қаласында атыс болып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты және 16-сы жарақат алды.
Д. Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 5, 2019